Кассаны тіркеу бойынша нұсқаулық бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Біздің сайтта тіркелу:

1. Тіркелу бөліміне өтіп, есеп деректеріңізді енгізіңіз (БСН, Атауы, Заңды мекенжайы, Ұйымдық-құқықтық нысан, ЭҚЖЖ коды, Егер ҚҚС төлеушісі болса ҚҚС сериясы мен нөмірі).
2. Жеке кабинетте өз кассаны жасау.
3. Жасалған кассалар тізімінен карточкасы (БКМ төлқұжаты) жүктеу.

2. ҚДО сайтында тіркелу

1. ҚДО сайтында тіркелу  https://org.oofd.kz/#/landing
2. Дербес шотты алу (шартқа қол қойған соң бетті жаңартыңыз, дербес шотыңыздың нөмірі шығады)

3. Мемлекеттік Кірістер Комитетінде (Салық органы) тіркелу

Басып шығарып, толтыру (қажет жерлерін):

1. Салық өтініші.
2. БКМ төлқұжаты.
3. Орынжайды жалдау шарты. (Егер заңды мекенжайда болса, Ұйымды тіркеу туралы куәлік)
4. ҚДО-мен шарт
5. Салық органына баратын қызметкерге арналған сенімхат

4. Салық органынан тіркеу карточкасын алған соң

1. ҚДО-ға ақшасын төлеңіз, терминал арқылы (теңгерімді толтыратын әдеттегі терминал) төлеген жақсырақ. ҚДО қойыншасы бар, өз дербес шотыңызды жазып, терминалға 1500 (комиссияны қоспағанда) саласыз. Төлемнің басқа да тәсілдері бар, олар туралы ҚДО сайтынан тікелей біле аласыз. oofd.kz
2. Теңгерімді толтырған соң БКМ Картотекасы қойыншасына кіріңіз
3. Кейін (Кассаны тіркеу) басамыз

а. WEBKASSA 1.0 БКМ аппараттық-бағдарламалық кешені
б. Зауыттық нөмірді енгізіңіз (SWK000------)
в. Биылғы жылды енгізіңіз
г. Салық органында алған тіркеу нөмірі
д. Сымды қосылуды таңдаңыз
е. Кассаның атын жазыңыз (кассаңыздың атын ойлап табыңыз)
ё. Лақап атты да өзіңіз таңдайсыз
ж. Онлайн БКМ таңдап, "жалғастыру" түймесін басыңыз
з. Кассаңыздың нақты орналасқан мекенжайын жазып (салық тіркеу карточкасында көрсетілген мекенжай), құжатқа қол қойыңыз.

5. online-kassa.kz сайтында кассаны белсенді ету

1. ҚДО серверінде кассаның теңшелімдеріне кіріңіз. "Токенді алу" түймесіне басыңыз
2. online-kassa.kz сайтына өтіп, жеке кабинетіңізге кіріңіз
3. Кассалар тізімінен қажетті кассаны таңдап, "ҚДО-да белсенді ету" түймесіне басыңыз
4. Пайда болған терезеде төмендегілерді енгізіңіз:

а. ҚДО серверінде алған кассаның ID
б. Кассаның тіркеу нөмірі (салық органында алған)
в. Токен

5. "Белсенді ету" түймесіне басыңыз

6. Сіз үшін қолжетімді кез келген тәсілмен кассаның теңгерімін толтырыңыз

1. QIWI терминалдары арқылы
2. online-kassa.kz сайтында төлем картасы арқылы
3. SOFTIT KAZAKHSTAN ЖШС-нің есеп айырысу шотына аудару арқылы

7. Қолданамыз